+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Елбасы: АЭФ ұсыныстары жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді

2019 жылғы 16 мамыр 11:51
Бөлісіңіз:
Елбасы: АЭФ ұсыныстары жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана экономикалық форумында айтылған ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстанға жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің тұрақты кездесуіміз жақсы дәстүрге айналды және осынау алаңда қалыптасқан достық ахуалды өте жоғары бағалаймын. 2008 жылы осындай форум ұйымдастыру туралы бастама көтеріп, ол тұрақты өте бастады. Бүгін міне, 12 форум өткізіп жатырмыз», - деді форумды ашқан Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті жыл сайын форум барысында жаһандық және өңірлік сипаттағы ең өзекті мәселелер талқыланатындығын айтты.

«Бұл таяу жылдардағы дамуға ықпалын тигізетін стратегиялық мәселелер. Осы жылдардың ішінде G-Global жобалары, экология мәселелерін, кедейшілікпен күрес, адами капиталды дамыту, жаңа энергияны қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымын талқыға салдық. Өткен жылы жаһандық сын-тегеуіріндер саммитін өткіздік. Форум алаңында БҰҰ Бас ассамблеясының қолдауымен дағдарысқа қарсы екі конференция ұйымдастырдық», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Елбасы осы уақытқа дейін өткен форумдар барысында айтылған ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстанның дамуына оң ықпалын тигізгендігін жеткізді.

«Осы жерде талқыланған ұсыныстар мен қорытындылар көп жағдайда Қазақстанға жаһандық сын-тегеуріндерге дер уақытында үн қатысуға, қиындықтарды жеңісті еңсеруге көмектесті. Біз ой-пікірлеріміз бен айтқан ұсыныстарымыз өзге де өңірлерде пайдаланылды деп ойлаймын», - деді Н.Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT