USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

2021 жылғы 28 қазан 22:39
Бөлісіңіз:
Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы Тәуелсіздік туралы конституциялық заң қабылдаудағы қиындықтарды бөлісті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді.

Осы орайда Қазақстан Премьер-Министрі А.Маминнің Абу-Даби қаласына барған сапарының қорытындысы атап өтілді. Бұл сапарда Қазақстан экономикасының басым салаларында жалпы инвестиция көлемі 6 миллиард доллардан асатын жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын елдің құрылғанына 50 жыл толған мерейлі тойымен шын жүректен құттықтап, аз ғана тарихи кезеңде әр салада биік жетістіктерге қол жеткізгенін айрықша атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсырды. Ол Тақ мұрагеріне бейбітшілікті, өңірлік тұрақтылық пен орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін берілді.

Өз кезегінде Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Елбасыға және Н.Назарбаев сыйлығын беру жөніндегі комитет мүшелеріне өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында қарым-қатынас орнату мен нығайтуға қосқан зор рөлі мен еңбегін атап өткен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ әңгіме барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты өзара пікір алысты.


Анықтама үшін:

«Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы 2016 жылы тағайындады. Ол ядролық қаруды таратпауға, ядролық сынақтарды тоқтатуға, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға қосқан аса зор үлесі үшін, сондай-ақ бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен тең қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған белсенді қызметі үшін беріледі. Бұған дейін Иордания Королі ІІ Абдалла, МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Амано, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо осы сыйлықпен марапатталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT