+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

2021 жылғы 15 шілде 14:11
Бөлісіңіз:
Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Рим кинофестивалінде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесіледі

Елбасы белгілі ғалым, қоғам қайраткері Әбсаттар Дербісәлінің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбсаттар қажы Бағысбайұлы саналы ғұмырын ғылым жолына, діни ағарту саласына арнаған парасаты биік, пайымы жоғары, ақжарқын азамат болғанын атап өтті. Жеделхатта көрнекті дінтанушының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде мүфтият жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, елімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің нығаюына зор үлес қосқаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлінің дүниеден өткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT