Елбасы Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Музейді аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтауда халықаралық туристік хабтің таныстырылымына қатысқанын жаздық.


Соңғы жаңалықтар