Елбасы: 2050 жылы Түркістан тұрғындарының саны 500 мыңға жетуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде Түркістан қаласын дамытуға қанша қаражат бөлінгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астананы салған қаражат баяғыда өзін-өзі ақтады, қазір бұл қала бюджетіне ақша құятын донор болды. Сол сияқты бірінші кезеңде Түркістанға 350 млрд теңге ақша жұмсалатын болды. Оның 50 пайызын жеке меншіктер бизнес ретінде салып жатыр. Сондықтан оның ауыртпашылығы болмайды деп ойлаймын. Бұл да бір үлкен қала болған соң, барлығы атсалысады. Себебі Түркістанның тұрған жері – қалың жұрттың ортасы, қазақтың қаймағы бұзылмаған, ғұрып-салттарды сақтайтын елдің ортасы», - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, облыс орталығы атанған екі жылда 160 нысанның жартысы салынып бітті. Оның ішінде әкімшілік ғимараты, қазақ драма театры, конгресссх хол, 10 мың орындық стадион, жастар сарайы бар.

Бас жоспарға сай 2050 жылы Түркістан тұрғындарының саны 500 мыңға жетуі тиіс.

Бұған дейін Н. Назарбаев «Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берген еді.

Сонымен бірге, Түркістаннан Ташкенте темір жол салынып, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Шымкент, Түркістан қалаларынан үлкен шеңбер жасалмақ.


Соңғы жаңалықтар