Елбасы: 100 пайыз орындалатын ұсыныстарды ғана қолдаудан тайған емеспін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биліктің барлық деңгейіндегі партиялық жауапкершілікті күшейтуіміз қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биліктің барлық деңгейіндегі партиялық жауапкершілікті күшейтуіміз қажет. Атқарушы билік, Үкімет, әкімдер өз істерін жасап жатыр, түсінікті де. Ал партия арқылы адамдардың қоғамдық өмірін кім іліп алып кетеді? 2016 жылдан бері партияның «Қазақстан-2021: Бірлік, бейбітшілік, жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Бүгін біз Премьер-Министр баяндамасынан сайлауалды уәденің 70 пайызы орындалғанын естідік. Тағы 30 пайызы қалып отыр. Оларды саралау қажет. Ол жерде ең маңызды тармақтар қалып қойған да шығар... Дегенмен, оларды ешкім көтермейді, Мәжілістегі фракция – ешкім. Келесі сайлауға келгенде халыққа не айтамыз?», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
Елбасы 30 жыл бойы 100 пайыз орындалатын ұсыныстарды ғана қолдау ұстанымынан еш таймағанын баса айтты.
«Осы 30 жыл барлықтарыңыздың естеріңізде бар. Барлығы да қаражатпен, бақылаумен қамтамасыз етілді. Соңында біз орындадық деп баяндайтынбыз. Қазір де дәл сол болуы тиіс. Мұны сайлаушыларға көрсету керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
- Nur Otan партиясының аймақтық филиалдарында бірқатар ауыс-түйіс болды
- Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
- Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
-
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
-
Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам