+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елбасы 1 қаңтардан ең төменгі жалақыны 1,5 есе көтеруді тапсырды

2018 жылғы 5 қазан 11:41
Бөлісіңіз:
Елбасы 1 қаңтардан ең төменгі жалақыны 1,5 есе көтеруді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет 2019 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіретін болады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін шынайы көмек болады. Бұл барлық салаларда, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 млн 300 мың адамның еңбекақысын көтеруге септігін тигізеді», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің айтуынша, сонымен қатар жалақы өсімі бюджеттік ұйымдардың 275 мың қызметкеріне де қатысты. Яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс органдарының қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға артады.

«Бұл мақсаттарға 2019-2021 жылдарға республикалық бюджеттен жыл сайын 906 млрд теңге бөлу қажет. Бюджетті қарау барысында Парламент мұны ескереді деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайтындығын баса айтты.

«Ең төменгі жалақының жаңа көлемі толықтай алғанда бүкіл ел экономикасында еңбекақы өсімінің катализаторы болады деп ойлаймын. Бұл бастама біздің барлық отандық және шетелдік ірі компаниялар тарапынан қолдау табады деп сенемін», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT