«Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының музейінде «Қазақстан жолы» жобасы аясында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ дайындаған «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фототілшілердің 50-ге жуық фотосуреті қойылды.

Олар тиімді экономика мен саяси жүйені дамытудың өзіндік үлгісі бар заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы этносаралық қатынастарды үйлестіру жолында азаматтық бірегейлікті, этносаралық түсіністікті нығайтудағы Елбасы қызметінің маңызды кезеңдерін айқындайды.

Фотокөрмеге келушілер Қазақстанның дамуындағы жаңа белестерге жол ашқан тәуелсіздік тарихының аса маңызды қадамдарымен танысуға мүмкіндік алады.

Іс-шара аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» жинағының тұсауы кесілді.

Басылымда Елбасының әріптес мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, үзеңгілестерінің «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған мақалалары мен естеліктері ұсынылған.

Кітап 4 бөлімді қамтиды. «Азаттық сәулетшісі» бөлімінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласы мен қазақстандық саяси және қоғам қайраткерлерінің мақалалары берілген.

«Мемлекет сәулетшісі» бөлімінде зиялы қауымның, ақын-жазушылар мен ғалымдардың, т.б. өнер және мәдениет қайраткерлерінің естеліктері берілген.

«Елбасы және елорда» бөлімі Елбасының астана құрылысына қосқан үлесі туралы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мақалаларын қамтиды.

«Көреген саясаткер» бөлімінде Елбасының жаһандық саясаттағы орны мен рөлі туралы әлемдік саясаткерлердің ой-пікірлері ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар