Эльвира Әзімова: Негізгі міндет – террористер мен бейбіт митингке қатысушыларды нақты ажырату
2022 жылғы 17 қаңтар 19:07

Эльвира Әзімова: Негізгі міндет – террористер мен бейбіт митингке қатысушыларды нақты ажырату

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған азаматтар туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адам өмірі жоғары құндылық болып, Конституцияның шеңберінде ең негізгі өзгермейтін талап болып табылады. Сондықтан, қаңтар айының басында елімізде болған қайғылы оқиғалар Қазақстан мен әлемдік қауымдыстықты дүр сілкіндірді. Сонымен бірге, лаңкестердің құрбандары – әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге бейбіт тұрғындар қаза болды. Осыған байланысты өз атымнан, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал зардап шеккен азаматтар тез сауығып кетсін!», - деді Э. Әзімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бюаспасөз мәслихатында.

Өз сөзінде спикер болған оқиға әрқайсымыз үшін сабақ болуы керектігін айтты.

«Елдегі тыныштық пен бейбітшілік, тәртіп пен заңдылық, заң шығарушы және атқарушы билікке ғана емес, қазақстанның әрбір азаматына да байланысты. Бұл біздің азаматтық жауапкершілігіміз. Сонымен бірге, ҚР Президенті ұсталған азаматтарға нақты айтты, ауыр қылмыс жасаған адамдар заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады. Ал басқалардың кінәсін Бас прокуратура анықтап, тексеріп, ауырлататын мән-жайларды ескеріп, жазаны жеңілдету жөніндегі шаралар қабылдайды. Кінәсіз адамдар әрине босатылады», - деді Э. Әзімова.

Оның айтуынша, негізгі міндет – террористер мен тонаушыларды және бейбіт митингке қатысушыларды нақты ажырату.

«Өкінішке орай, біз уақытша ұстау изоляторларына барғанда кейбір азаматтармен сұхбаттастық. Сол сұхбатта «Біз өз азаматтық жауапкершілігімізді соңына дейін сезбедік. Біз Қазақстан халқынан кешірім сұрауға дайынбыз» деген сөздер айтылды. Мысалы Алматыда тергеу изоляторына барғанда азаматтардың көпшілігі қарапайым адамдар екені, көбісі ұрлық үшін ұсталғаны анықталды. Сол үшін оларға нақты назар аудару керек. Бұл Бас прокуратура мен жергілікті территориялардың міндеттемесі.

Бұл күндері біз азаматтық қоғам өкілдерімен бірге ұсталғандар орналасқан мекемелерге баруды жалғастырып жатырмыз. Бірнеше күн ішінде біз 11 өңірде осындай 34 мекемеге бардық. Мұндай превентивті баруды жалғастырамыз. Себебі бізге де ол керек. Сондықтан прокуратура қатігездік туралы барлық сигналдарды тексеріп, оларға құқықтық баға беру керек және берілген нәтижесін жариялауы керек. Бұл жұмысты формалды түрде жүргізбеу керек, мұнаджй тәсіл ашықтық пен бейтараптық кепілі болып табылады», - деді Эльвира Әзімова.


Jańalyqtar

MURAǴAT