Эльвира Әзімова қаңтар трагедиясында оққа ұшқандардың мүрдесін эксгумациялауға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар тргаедиясында оққа ұшқандардың мүрдесін эксгумациялауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде тергеу мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оқтан қаза тапқан адамдардың туыстарының келісімінсіз эксгумация туралы хабарламалар келіп түсті. Бұл іс жүргізу мақсатында қажет екені туралы нақты түсіндіру жұмыстарын алдын ала жүргізу керек. Аналар мен әкелердің көз жасын елемеуімізге болмайды. Сондықтан, азаматтардан әлеуметтік желілерді қолдана отырып, жағдайды бұрмаламауды сұраймын», - деді ол «Хабар-24» телеарнасындағы арнайы брифингіде.


Соңғы жаңалықтар