Эльвира Әзімова: Қаңтар оқиғасына байланысты зейнеткерлер мен мүгедектерге де айыппұл салу фактілері бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына байланысты тергеп-тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік айыппұл тағайындалғандардың ішінде зейнеткерлер мен жұмыссыздар, мүмкіндігі шектеулі адамдар бар. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен Прокуратураға мәлімдеме жасауға бел буған азаматтарды қудалау мен қысым көрсетуді болдырмау керек. Прокуратураның БАҚ пен әлеуметтік желіде резонанс тудырған барлық өтініштерге жедел жауап беруі өте маңызды. Процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатыгездікпен қарау, адвокаттардың болмауы, психологиялық қысым көрсету және басқа да бұзушылықтар туралы хабарламаларды сот өкілдері мен прокурорлар ескеруге тиіс», - деген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл әкімшілік жаза туралы шығарылған сот шешімдерін де сүзгіден өткізу керектігін жеткізді.

«Бас Прокуратураның 25 қаңтардаға хабарламасында қаңтар оқиғаларына байланысты 9257 әкімшілік істің қаралғаны туралы хабарлады. Оның жартысы қандай да бір жаза қолданылмай қаралды. 4584 адамға сот ескерту шығарды. Әкімшілік айып тағайындалуына байланысты маған жүгінген азаматтардың кейбіреуі зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар немесе басқа да әлеуметтік осал топтар санатына жатады», - деді Эльвира Әзімова.


Соңғы жаңалықтар