Эльвира Әзімова: Қаңтар оқиғасы кезінде адвокаттардың жұмысына шағым көп айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасы кезінде адвокаттардың жұмысына шағым көп түскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар оқиғасынан кейін кей адамдарға мемлекет кепілдік берген заң көмектерін мысал ретінде айтқым келеді. Мұндай көмек әсіресе тергеу судьясы бұлтартпау шарасы туралы шешім шығарғанға дейін алғашқы ұстаулар кезінде көп көрсетілді. Тағы да айтайын, иә, адвокаттар алқасына, Әділет министрлігіне ондай шағым түспеген. Бұл шағымдар менің атыма уақытша ұстау изоляторларына барған кезде айтылды. Шынын айтайын, шағым неге жазбады дегенге келсек, болар іс болып кетті және көбі қамауда отыр. Екіншіден, құқықтық енжарлық пен құқықтық сауатсыздық та себеп болуда», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл деді ол «Заманауи адвокатура проблемалары және оларды шешудің жолдары» атты дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ, ол осындай сындарлы сәттерде адвокаттардың жұмылып әрекет етуі жетіспей жататынын атап өтті.

«Мұндай істерде бұлтартпау шарасын өзгерту, қамауда ұстау мәселелері бөлігінде қалай әрекет ету керектігін өз іштеріңізде пысықтап, келісуге болар еді. Осы кезеңде жұмысын тиімді көрсете алмаған адвокаттардың кесірінен кәсіп өкілдерінің беделіне күмән туындап жатыр. Екіншіден, бұл көмектің ақысы бюджеттен төленетіндіктен мемлекеттің гуманистік рөліне нұқсан келеді. Бюджеттік төлем аталған көмектің неғұрлым қолжетімді болу үшін бөлінеді», - деді Эльвира Әзімова.


Соңғы жаңалықтар