Эльвира Әзімова Бас Прокуратурадан тәртіпсіздіктерге қатысқандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас Прокуратурадан қаңтар трагедиясы кезінде алғаш рет қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы елдегі жаппай митингілердің себебі әлеуметтік, экономикалық және саяси проблемалардің шешілмеуі болғанын атап өтті. Азаматтардың көбінде жаппай митингілерге қатысу өз пікірін ашық білдіруге негізделген мәжбүрлі қадам болған. Бірақ мұндай қадам зорлық-зомбылық және қиратуға қатысқандар мен қару қолданғандарды ақтамайды», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының жыл басында бейбіт митингілер мәдениетін қамтамасыз етудің маңыздылығын айтқанын еске салды.

«Сондықтан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуына байланысты қылмыстық қудалау орбитасына алғаш рет енген азаматтарға ауырлық дәрежесін ғана емес, олардың жеке басын, шын жүректен өкінетінін ескеруді сұраймын.

Кінә дәлелденген жағдайда бас бостандығынан айыру жазасының орнына балама қылмыстық жазалау шараларын қарастыруды сұраймын. Әрине, бұл тұрғыда да тиімді тергеу жүргізуге көмек тигізуіміз керек», - деді Эльвира Әзімова.


Соңғы жаңалықтар