Эльвира Әзімова: Атырауда процессуалдық құжаттарға қысыммен қол қойғандар бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Атырау қаласындағы спорт залда қамауда болғандардың құқықтары қалай бұзылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен бірге Атырау қаласында уақытша ұстау орны ретінде пайдаланылған спорт залда болған оқиғаларға байланысты қала тұрғындарымен кездесу өткіздім. Негізінде Төтенше жағдай режимі Қазақстанда 5-19 қаңтар аралығында енгізілген. Осыған байланысты тиісті заңда коменданттың қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердегі орындар жеткіліксіз болған жағдайда Төтенше жағдай режимін бұзушыларды ұстау үшін қосымша орындар белгілеу құқығы қарастырылған. Бірақ қамауда ұстау жағдайында адам құқықтарын сақтау талабын заң жоймайтынын есте ұстауымыз керек», - деді ол «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде.

Айтуынша, аталмыш орында кейбір азаматтарға қысым арқылы құжаттарға қол қойғызу фактілері тіркелген.

«Осы орында қамауда ұсталған азаматтар ұрып-соғу, қысым көрсету салдарынан процессуалдық құжаттарға қол қоюға мәжбүр болған. Адвокаттарға ауызсу мен тамаққа қолы жетпегенін, дене жарақаттарын алуына байланысты медициналық көмек көрсетілмегенін хабарлады. Қазіргі уақытта бұл факт Ішкі істер министрлігінің жеке бақылауына алынып, ведомствоның ішкі қауіпсіздік қызметі тексеру жұмыстарын бастады», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.


Соңғы жаңалықтар