Ел үшін еңбек етер деген сенімдеміз – Самат Нұртаза Nur Otan атынан сайланған депутаттар жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза «Nur Otan» партиясы атынан Мәжіліске депутат болып сайланған азаматтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тізімді қарап шықтым. Жаңа адамдар өте көп екен. Менің байқағаным, бұрынғы тізімнен Бекболат Тілеухан мен Геннадий Шиповских секілді азаматтар кіріпті. Елге еңбегі сіңген азаматтар ғой. Ал қалған депутаттар туралы айтар болсақ, жастар бұрынғыдан көп екен. Қоғам белсенділерінен Елдос Абақановтың, Ерлан Сайыров пен Айдос Сарым, Берік Әбдіғали қатарлы азаматтардың тізімде барын көрдім. Елге сөзі өтетін, белді әрі абыройлы азаматтар. Өз басым шын қуанып отырмын. Елге пайдалы азаматтар Мәжіліске барып, жоғары мінберде қазақ елі үшін халық пен билік арасындағы көпір ретінде еңбек етер деген сенімдемін. Үлкен үміт артып отырмын», - деді Самат Нұртаза ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы білдірген пікірінде.

Еске сала кетсек бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітілген болатын. Депутаттыққа кандидаттардың 7-еуі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни Фракция құрамында олардың саны 10%-тен аспайды.


Соңғы жаңалықтар