+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

«Ел үлесі – пәтерге!»: Қарағанды облысында 13 отбасы баспаналы болды

2021 жылғы 17 шілде 02:51
Бөлісіңіз:
«Ел үлесі – пәтерге!»: Қарағанды облысында 13 отбасы баспаналы болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Осы жылдың басында «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында Қарағанды облысында 13 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қанша адам тұрғын үй кезегінде тұр Қарағанды облысында 300-ден астам жас дәрігер баспанамен қамтамасыз етілмек Тұрғын үй кооперативтерінің қызметін қатаң регламенттеу қажет – Мәжіліс депутаты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры мұқтаж және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтерлер мен үйлер сатып алды.

«Бізге аз қамтылған отбасылардан өтініштер келіп түсуде. Осыдан кейін біздің комиссия бұл адамдар тұрғын үйге мұқтаж ба, жоқ па, соны тексереді. Содан кейін біз пәтерлерді ала бастаймыз. Жақында Қаражалда бір отбасын баспанамен қамтамасыз еттік. Мұндай игі істерді одан әрі жалғастырамыз», – дейді «Зекет» қайырымдылық қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мұхит Жарымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, «Ел үлесі – пәтерге!» 2018 жылы құрылған. Оның мақсаты – аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық арқылы тұрғын үй сатып алу. Осы жоба аясында республикада 400-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT