Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына күші мен жанын салған павлодарлықтар облыс әкімінің қолынан мемлекеттік наградалар алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев аймақтың танымал қоғамдық қайраткерлеріне, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың қызметкерлеріне ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени дамуына елеулі үлес қосып, белсенді қоғамдық қызмет атқарғаны үшін тағайындаған мемлекеттік наградаларды табыстады.

Павлодарлықтарды алдағы мереке - ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтаған аймақ басшысы: «Тәуелсіздік күні қарсаңында лайықты азаматтарымызды атап өту жақсы дәстүрі қалыптасты. Бүгін осы залда азаматтық парызын адал атқарып жүрген адамдар бар. Олар облысымыздың қалыптасуы мен дамуына ондаған жылдар бойы бар күштерін салды. Сіздердің, нағыз патриоттардың арқасында облысымыз бүгінде республикалық деңгейде лайықты әрі табысты көріне білуде. Құрметті мұғалімдер, дәрігерлер, металлургтер, машина жасаушылар, шағын және орта бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік және құқық қорғау қызметкерлері, дәл сіздердің еңбектеріңіз біздің Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру арманымызды күннен күнге жақындата түсуде», - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен он павлодарлық азамат - шаруашылық басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, суретшілер, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлер «Құрмет» орденімен марапатталды.

Облыс әкімі аймақ тұрғындарының бір тобына сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Ерлік үшін», «Шапағат» медальдарі мен ҚР Құрмет грамоталарын табыстады.

Соңғы жаңалықтар