Ел тарихында тағы бір сындарлы кезең болайын деп тұр - Бағытжан Құнас

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ел тарихында тағы бір сындарлы кезең болайын деп тұр. Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қатысты Атырау облысындағы Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры Бағытжан Құнас осындай пікір білдірді.

Ол Мемлекет басшысының кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі мәлімдемесінің терең талқыланып барып жария етілген атап өтті.

«Аталған шешімнің бір сәтте шықпағанын, оның терең талқыланып, жан-жақты қарастырылғаны сөзсіз. Әлемде түрлі жағдай болып жатқанда біздің елдің бекем бірлігі мен түзу тірлігі жұрттың көз алдында. Бірақ жалпақ дүниедегі кез келген құбылыс бізге әсер ететіні анық. Сондықтан нақтылық керек. Ол үшін біздер осы бастан он ойланып, мың толғанып, мемлекетіміз үшін жауапкершілік алатын тұлғаны таңдауда қателеспеуіміз қажет», деді Бағытжан Құнас.

Оның ойынша, кезектен тыс президенттік сайлау, әділ, адал, ашық түрде өтеді деген сенім бар.

«Ал бүгінгі елдің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын сақтау, болашақ ұрпақтың алаңсыз өсуі, қажетінше білім алуы, жұмыссыздықты жою бағытындағы ізгі қадамдар, осының бәрі айналып келгенде елдің ертеңгі Президент сайлауындағы дұрыс таңдау жасауымен тығыз байланысты.

Барша әлем Қазақстанды зайырлы, қарқындап дамып келе жатқан, бейбітсүйгіш мемлекет ретінде жақсы біледі. Соның арқасында елу елдің біріне айналдық. Алда озық дамыған отыз елдің қатарына жету мақсаты тұр. Осы ретте мемлекетіміздің өзге елдер алдындағы беделін арттырып, сыртқы елдерге мойындату үшін оны басқаратын тұлғаның халықаралық деңгейде танымал болуының да маңызы зор деген ойымды ортаға салғым келеді», - деді ол.

Оның айтуынша, егемендіктің елең-алаң шағында Елбасының алдында елдегі ұлтаралық қарым-қатынастарды дау-дамайсыз тиімді шешу міндеті тұрған..

«Қазақстандықдар «қазақ халқы» деген атауға балама ретінде «дос пейілді», «мейірбан», «қонақжай» деген сөздерді пайдаланылатын болды. Бірлігімізді сақтау үшін осы қасиеттерді өз ұрпақтарының бойына сіңіру қажеттігін ашық айтуда. Ендеше біз де биіктен көрініп, ауызбіршілігімізбен танылуымыз керек. Дана халқымыздың «Бірлігі жарасқан елге бақ қонады» деуі кездейсоқ сөз емес. Сол сөздің сыналар тұсы - алдағы сайлау. Ұлт ретінде ұлықтар тұлғамызды тани білейік.

Болашағымыз - өз қолымызда. Ойланып жасалған таңдаудың өрге бастыратынын ұмытпайық. Өз басым осы сайлау елімізді әлеуметтік - саяси жаңғыруға, елдегі келісім мен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтауға, еркін болашақты құруға зор мүмкіндік беретініне сенемін», - деді Бағытжан Құнас.



Фото: atpress.kz

Соңғы жаңалықтар