Ел тағдарын айқындаған тарихи оқиғаларға лайықты баға берген жөн - Тоқаев

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Өткенге әділ баға берілмесе, жарқын болашақтан үміт күту қиын. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсу – ең басты міндеттің бірі. Жаңа Қазақстан дегеніміз – ең алдымен, құндылықтардың жаңаруы, сондай-ақ қоғамдағы қарым-қатыныс мәдениетінің өзгеруі. Мен осыған дейін де бұл туралы бірнеше рет айттым. Тағы бір маңызды жұмыс – бұл тарихи әділдік орнату. Бір кездері ұмытылып кеткен ұлт перзенттерінің есімін қайта жаңғыртуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы ел тағдарын айқындаған тарихи оқиғаларға лайықты баға берудің маңыздылығын атап өтті.

«Соңғы екі жылда бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылды. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының есімі ардақталды, тарихи даталар қалпына келтірілді. Осылайша, еліміздің шынайы шежіресі жазылып жатыр. Өткенге әділ баға берілмесе, жарқын болашақтан үміт күту қиын. Мұны терең түсінген абзал», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар