Ел шекарасынан 671 мың доллар қолма-қол ақшаны алып өтпек болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақшаны заңсыз өткізудің 40 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомстовның мәліметінше, барлық тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551, 545-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 долларды құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 дерек белгілі болды. Барлық оқиға Нұр-Сұлтан (6 факт) мен Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерде тіркелді», - деп жазылған комитет хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстан Президентінің Жарлығымен ел аумағынан:

- 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

- Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және ALTYN BARYS алтынынан және KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар