Ел Президенті мемлекеттің әлеуметтілігіне кепіл береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел Президенті мемлекеттің әлеуметтілігіне кепіл береді . Мұндай пікірді Конституция күніне арналған дөңгелек үстел барысында Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Бұл мемлекеттің саясатын айқындайтын маңызды қағидат. Бүгінгі таңда Қазақстанда көп жұмыс атқарылды, бірақ біз мемлекетті шынайы әлеуметтік етуге, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға зор әлеует бар екенін көріп отырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әлеуметтілігіне кепілдік береді. Қазақстан халқына әр Жолдауында Президенттің осы ұстанымы байқалып тұрады», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, тарихи уақыт жеделдетіліп, үдерістер күрделене түсуде. Осындай жағдайда тиімдірек және тезірек жұмыс істеу керек. Бұл тұрғыда мемлекет беріктік пен орнықтылық сынақтарына жиі ұшырауда. Мемлекеттің табыстылығының, оның тұрақтылығының, мәселелерді шешу және одан әрі даму қабілетінің кепілі халық пен биліктің бірлігі, олардың диалогының ашықтығы және дамудың негізгі мәселелері бойынша келісім болып саналады. Сонымен қатар ол «Бейбіт жиналыстар туралы» Заң қабылданып, «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Заңдарға өзгерістер енгізілгенін, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығының нақты қолданыстағы тетіктерін қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» Заңға бастама жасалғанын айтты.

«Көріп отырғанымыздай, жұмыс жүргізілуде. Бірақ бұл жерде тоқтауға болмайды. Мәселе ретінде емес, жоғарыда айтылған әлеуеттің мүмкіндігі ретінде түсіну және қабылдау қажет – мемлекеттің әлеуметтілігін, мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы әлеуметтілікті адамға бағытталғандық ретінде тереңірек түсінуге баса назар аудару керек», - деді Ерлан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар