Ел Парламенті 1 желтоқсанды ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке деп белгіледі

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат / Қанат Мәметқазыұлы / - Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады. Аталған заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеу мақсатында әзірленген. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор ғаламат еңбегі танылады. Заңды қабылдау мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түседі.

Соңғы жаңалықтар