Ел онкологтары алғаш рет 3D технология көмегімен жамбасқа реконструкция жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет онкологтар 3D технологияның көмегімен жамбас сүйегін қайта жаңарту операциясын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Операция Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланомалардың ісіктері орталығында болды.

23 жастағы науқасқа «хондросаркома» диагнозы қойылған.

«Науқасқа институтта мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы кеңес берді. Бұрын бұндай жағдайларда хирургтар жамбас сүйектерінің зақымдалған аймағын алып тастауға мәжбүр болды. Бұл жамбас қуысының тұтастығын бұзады, адамның жүрісінің бұзылуына, науқас омыртқасының қисаюына әкеледі. Бірақ емделушінің жасын ескере отырып, онкохирургтар өз алдына ісікті алып тастап қана қоймай, науқастың өмір сапасын да сақтап қалу мақсатын қойды», - деді онкохирург, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланома ісіктері орталығының басшысы Ғани Серікбаев.

Осы жобаны іске асыру үшін Coln3d (Гонконг, Қытай) компаниясымен ұзақмерзімді меморандум жасалды. Науқастың КТ-деректері Гонконгқа жіберілді.

Гонконгта 3D-басып шығару арқылы кобальт-хром қорытпасынан арнайы протез жасалды.

Операция 2022 жылдың қыркүйек айында ҚазОжРҒЗИ-да өтті. Операция барысында пациенттің қыр-мықын сүйегінің қанаты, сондай-ақ ісіктен зардап шеккен жұмсақ тіндер алынып тасталды.

Жамбас қуысын қалпына келтіру үшін компьютерлік және 3D технологияларды қолдана отырып, жеке мәліметтер бойынша жасалған жеке эндопротезбен жамбас сүйектерін қайта жасалды. Ота 3 сағатқа созылды.

Науқастың отадан кейінгі кезеңі жақсы өтіп жатыр, науқас операциядан кейін бесінші куні белсенді болды.


Соңғы жаңалықтар