Ел өмірі үшін маңызды шешім - Сәулет Сахиев

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сәуірдегі үндеуіне байланысты Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сәулет Сахиев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қазақстан халқына үндеу жасады. Онда Мемлекет басшысы президент сайлауы өтетін мерзімді атады.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған үндеуін зор ықыласпен тыңдадық. Онда ел Президенті «Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек», - деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы осындай ауқымды істерді жүзеге асыру бағытында ел өмірі үшін маңызды шешім қабылдағанын айтты. 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы сол ауқымды істердің жалғасын табуына зор септігін тигізеді. Президент өз сөзінде мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажеттігіне тоқталды. Қазақстан - демократиялық мемлекет. Демек, президент халықтың таңдауымен сайлануы қажет», - деді Сәулет Сахиев.

Оның айтуынша, еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап береке мен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында көптеген жетістікке қол созды.

«Өмір ағысы бір орында тұрмайды. Тәуелсіз еліміздің алдында үлкен міндеттер тұр. Олардың қатарында халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық ахуалды жақсарту секілді көптеген мақсаттар мен мұраттар бар. Сондықтан, осындай ауқымы үлкен міндеттерді ойдағыдай атқаруға, президент сайлауы арқылы нақты жұмыс жоспарын айқындауға жол ашылады», - деді Сәулет Сахиев.




Фото: ult.kz

Соңғы жаңалықтар