+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Эльмира Сыздықова өзіне сыйлаған көлікті әкесіне берді

2016 жылғы 9 қыркүйек 01:31
Бөлісіңіз:
Эльмира Сыздықова өзіне сыйлаған көлікті әкесіне берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова сыйға берілген Toyota Camry көлігін әкесіне тарту етті, деп хабарлады спортшы.

«Toyota Camry көлігін (Қарағанды облысы әкімі Рио Олимпиадасындағы жетістігі үшін сыйға берген) әкеме бердім. Ол онымен үйге кетті», - деді Э. Сыздықова ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, спортшы ең бірінші орынға ата-анасын қояды.

Эльмира өзіне Қарағанды облысының грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі федерациясы сыйға берген Toyota Corolla көлігін қалдырған.

Әзірге спортшы өзінің туған үйі Солтүстік Қазақстан облысына барған жоқ. Ол ата-анасымен бірге демалуды армандайды.

Қараша айында Эльмира Әзербайжанда өтетін Golden Gran Prix Baku халықаралық жарысына қатысуды жоспарлап отыр.

«Жақын күндері жаттығуды бастаймын. Маған демалу да зиян», - деді Олимпиада жүлдегері.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT