Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ел кәсіпкерлерінің жұмыс күшін ұстауға жұмсаған шығындары 18 %-ға өсіп, 12 триллион теңгеден асты

2022 жылғы 17 маусым 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпкерлердің жұмыс күшін ұстауға жұмсаған шығындары бір жылда 18%-ға өсіп, 12 триллион теңгеден асты. Оның ішінде жалақы қорына 11 триллион теңгеге жуық қаржы түсті. 2021 жылы заңды тұлғалардың жұмыс күшін ұстауға жұмсалған шығындарының көлемі 12,4 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда бірден 17,8%-ға артқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыс күшін ұстауға жұмсалатын шығындардың 86,8%-ы қызметкерлердің жалақы қорына тиесілі, бұл - 10,8 трлн теңге, 2020 жылмен салыстырғанда 18,7% - ға артық. Оның ішінде, жалақының өзіне тікелей - 7,9 трлн теңге, біржолғы төлемдер мен сыйақыларға - 1,5 трлн теңге, жұмыс істелмеген уақыт үшін ақы төлеуге - 870,7 млрд теңге, жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдеріне 523,1 млрд теңге төленген.

Өз кезегінде, жалақы қорында ескерілмейтін төлемдер мен шығыстар 1,6 трлн теңгені құраған. Бұл да бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,2%-ға артық.

Жоғарыдағы соманың едәуір бөлігі жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтарға (693,2 млрд теңге) және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарға (663,3 млрд теңге) тиесілі.

Бұдан басқа, 2021 жылы қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шығыстарға - 79,6 млрд теңге, қызметкерлерді оқытуға - 32,6 млрд теңге, мәдени іс-шараларды өткізуге, демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыруға - 17,6 млрд теңге жұмсалған.


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар