Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ел ішіне іріткі салатын жат идеологиялармен күресті күшейту керек – Президент

2022 жылғы 23 маусым 15:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдардың өте көптігіне назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екенін еске салды.

Мемлекет басшысы азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беретін қоғам құру, соның ішінде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті.

«Тағы бір маңызды міндет – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау. Министрлікте осындай істерді тергеумен айналысатын арнаулы бөлім қайта ашылды. Менің тапсырмам бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді. Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек. Үкіметке және әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстан полициясы құрылған болатын.

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар