USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ел халқын отандық азық-түлікпен қамтуға толық мүмкіндік бар - Ербол Қарашөкеев

2021 жылғы 18 қараша 14:09
Бөлісіңіз:
Ел халқын отандық азық-түлікпен қамтуға толық мүмкіндік бар - Ербол Қарашөкеев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел халқын отандық азық-түлікпен қамтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл туралы Сенат отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандылық кәсіпорындар әлеуметтік маңызы бар өніммен өңірді толық қамтамасыз етуде Бағаның өсуіне қатысты шағымды қайда жіберу керек - Сауда министрлігі түсіндірді Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына қойылған міндеттің бірі – халықты Қазақстанда өндірілген азық-түлік тауарларымен, ең алдымен құс еті, балық, шұжық, сүзбе мен ірімшік, алма және қантпен қамту. Ол үшін таяуда қабылданған Ұлттық жобалар аясында 930-дан астам инвестициялық жобаны 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген. Онда 150-ден астам тауарлық сүт фермасын пайдалануға беру қарастырылған. 19 үлкен құс фабрикасы салынады. Оның ішінде 9 ет өңдейтін зауыт болады. 6,6 мың гектар қарқынды бақты пайдалануға беру де жоспарланған» - деді министр Сенат депутаттарының сауалына орай.

Оның атап өтуінше, аталған жобаларды жүзеге асыруға 4,5 трлн теңге қаражат тартылады.

«Ал қарастырылып отырған 2022-2024 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетте 235 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат инвестициялық субсидия мен несие және лизинг төлемақысын төмендететін субсидия үшін қарастырылып отыр. Жалпы Қазақстанда өндірілетін азық-түлік тауарларын ел халқына қолжетімді жасауға барлық мүмкіншілік бар деп санаймыз», - деді Ербол Қарашөкеев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT