Эль-Фуджайра портында жарылыс болды деген хабар жалған болып шықты

None
None
ЭЛЬ-ФУДЖАЙРА. ҚазАқпарат - Эль-Фуджайра әмірлігінің билігі портта жарылыс болды деген хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM-ға сілтеме жасап.

БАӘ Эль-Фуджайра әмірлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең портта жарылыс болды деген ақпарат жалған.

Өз хабарламасында баспасөз қызметі қазіргі уақытта портта қозғалыс қалыпты режімде жүріп жатқанын келтіреді.

Сондай-ақ, онда «БАҚ шынайы әрі нақты ақпарат көздеріне сүйеніп, хабар таратуы керектігі» айтылған.

Айта кетейік, бірқатар ресейлік БАҚ Эль-Фуджайра әмірлігі портында бірнеше танкерден өрт шыққаны туралы жалған хабар таратқан болатын.

Фото: wam.ae

Соңғы жаңалықтар