Ел бюджеті салықтық жеңілдіктер салдарынан жылына 2 трлн теңгеден қағылады - Бишімбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бюджеті салықтық жеңілдіктер салдарынан жылына шамамен 2 трлн теңгеден қағылады. Бұл туралы бүгін жұртшылықпен салық саясатының негізгі бағыттарын талқылау барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Біз салықтық жеңілдіктер бойынша жылына шамамен 2 трлн теңге жоғалтамыз. Бүгінгі күні еліміз ұсынатын барлық жеңілдіктерге берілетін баға осындай. Біз мұнан да көп жоғалтамыз. Себебі өте көп адамдар қосылған құн салығы бойынша есепке мүлдем тіркелмейді де. Шындығын айтқанда біз кезінде біреулердің ықпалымен енгізілген барлық стандартқа сай емес жеңілдіктерді Салық кодексінен алып тастағымыз келеді», - деді министр.

Сонымен қатар Қ.Бишімбаев заң жобасында көзделген жаңа жеңілдіктер жайында да айтып берді. Мәселен, оның сөзіне қарағанда темір жолмен Ақтау теңіз портына дейін жеткізілетін тауарлардан салық алынбайды. Жолдың бұл бөлігі халықаралық тасымал жолының бөлігі саналатын болады.

Мұнан бөлек, Заң жобасында салықтық және кедендік әкімшілендіру бөлігінде салық және кеден дауларын сотқа дейінгі реттеу, барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті электронды шот-фактуралардың көшірмесіне кезең-кезеңмен көшу, салықтық немесе кедендік тексерулер жүргізу барысында е-аудит (электронды аудит) енгізу мерзімдерін ауыстыру, салықтық есептілік нысандарын оңтайландыру бойынша түзетулер көзделген.

Соңғы жаңалықтар