Ел бойынша сиреналар іске қосылды: ТЖМ оқу-жаттығуды аяқтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 қараша аралығында елімізде «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында (Қостанай облысы ТЖД Дағдарыс орталығының залы) орналасқан. Мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қыста болуы ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының дайындығын тексеру.

Іс-шараларға облыстық мемлекеттік органдардың жедел топтары, республикалық азаматтық қорғау қызметтері және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялары, құрылымдық және аумақтық органдар, авариялық-құтқару қызметтері және ТЖМ құралымдары қатысты.

Оқу-жаттығу шеңберінде:

- Ел өңірлерінде электр сиреналары іске қосылып, хабарлау жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.

- Тиісті азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңге дайындық бойынша алдын алу шараларының кешенін жүргізді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық жағдайлар туындаған жағдайда 600-ден астам дербес электрмен жабдықтау көздері дайындалды. Қысқы кезеңге 14, 428 мың тонна көмір, 4,4 мың тонна дизель отыны, 1,3 мың тонна бензин, 125 мың текше метр инертті материал, 22,2 мың тонна техникалық тұз дайындау көзделген.

- Жол қызметтері жолдардың неғұрлым қарлы учаскелерінде 140 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқандар орнатып, 600 жылыту пунктін жабдықтады. 57 мың км көлемінде жол жиегінен шөп шабу, 512 км еңістер мен резервтерде ағаштар мен бұталарды кесу жұмыстары жалғасуда. 4,3 мың дана көлемінде «Тайғақ жол», «Жылдамдықты шектеу» уақытша жол белгілері орнатылып жатыр.

- Жалпы саны 37 мың адамнан және құтқару, қар күреу, инженерлік және басқа да жоғары өтімді 13,5 мыңға жуық техникадан тұратын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының еркін республикалық топтамасы құрылды.

Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар