Ел бойынша ең көп қылмыс елордада жасалады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігінде өткен «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі крименогендік ахуалға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері жалпы қылмыс 19%-ға азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру - 51%, зорлау - 37%, қарақшылық - 36%, тонау - 16%, бұзақылық - 47%, ұрлық - 28% және көшедегі қылмыстар саны 12%-ға төмендеді. Бұл ретте елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны – 127. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Оның бір себебі, үлкен мегаполис болуында жатыр», - деп тоқталды Марат Ахметжанов.

Министр келтірген деректерге сай, қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар. Олардың басым бөлігінде кәсіптік немесе жоғары білімі жоқ. Ал жеке тұлғаға қарсы 50% құқық бұзушылық әрекеттерін мас күйде жасайды.

Қоса кетсек, бұған дейін министр полцияның жұмысын сынға алатын азаматтарға қатысты пікір білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар