Ел бойынша 225 полиция объектісін салу қажет – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған, олардың 30%-ы қолданыстағы стандарттарға сай келмейді.

Бұл «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қызметінің тиімділігіне материалдық-техникалық жарақтандырудың нашар деңгейі кері әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған, тозығы жеткен және жарамсыз күйде. Оның 30%-ы қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмейді.

Жалпы, республика бойынша 225 полиция объектісін салу (оның ішінде 6 облыстық ішкі істер департаменті, 84 - қалалық және аудандық органдардың ғимараты), сондай-ақ барлық ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу қажет», - деп мәселе көтерілген тұжырымдамада.

Ведомство дерегінше, 2015 жылдан бері Ішкі істер министрлігінің республикалық және жергілікті бюджет есебінен полиция объектілерін салу жөніндегі бастамалары қолдау таппай келеді.


Соңғы жаңалықтар