Ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарды айқындау маңызды - М. Тәжин

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтуде. Жиынға ҚР Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, жоғары лауазымды билік өкілдері, тарихшылар, танымал журналистер мен ғалым, жазушылар қатысуда.

«Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қандай болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді. Кеңінен қамтып айтсақ, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр», - деді М. Тәжин алқалы кеңесті ашу барысында.

Оның айтуынша, бұндай құндылықтар қазіргі заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болып, жаһанданып, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуы тиіс. «Олар ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Ал мәселенің бұлай қойылуы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде аударады» деп атап өтті М.Тәжин.

Соңғы жаңалықтар