Ел болашағы бәріміздің қажырлы еңбегімізге байланысты - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінгі буынның сөзі мен ісінің шынайы бағасына уақыт төрелік айтады. Мемлекет басшысы ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі заман уақытты жылдамдатып, оқиғалар тізбегін қабаттастырады. Сөзіміз бен ісіміздің шынайы бағасын тарих таразысы ғана береді. Ар-ұжданымыздың тазалығы мен халқымыздың құрметі – бәріміз үшін үлкен сый.

Біз – рухани мұрасы бай, қарқынды даму әлеуеті зор, қуатты әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын ұлтпыз. Шығыстың ұлы ұстазы Әл-Фараби адамдарды әділ болуға, ақиқатты сүюге, ар-намысты қастерлеуге, сабырлы болуға және қашан да білімге ұмтылуға үндеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол тарихта абыройлы атпен қалу үшін жұмыла атқарған еңбек қажет екенін еске салды.

«Мемлекеттілігіміздің дамуында қуатты серпіліс жасай алған ұрпақ ретінде тарихта қалуға зор мүмкіндігіміз бар екеніне сенімдімін. Елдің келешегі бізге, барлығымыздың қажырлы еңбегімізге байланысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынга 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 26 қарашаға белгілеген еді.


Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар