Ел бірлігі доктринасының білім беру жүйесінде де маңызы зор

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ -Ел бірлігі доктринасының білім беру жүйесінде де маңызы зор.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқыма Құрманәлинаның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, үздіксіз білім берудің этномәдени бағдарламасы бүгінгі күнге дейін әлсіз болған секілді. Оның пікірінше, бұл мәселені мемлекет бойынша дұрыс жолға қойған жөн. 

«Облыста бес жыл бойы балабақшаларда жұмыс істейтін тәрбиеші даярланбай қалды. Өйткені сұраныс болған жоқ. Соңғы үш жылдан бері жыл сайын тек 50 маман даярлаудамыз. Облыстағы гуманитарлық бағыттағы төрт колледждің ішінде тек біз ғана  тәрбиеші мамандыққа баулимыз. Ал жоғары білімді тәрбиеші маман даярлайтын оқу орны облыс бойынша мүлдем жоқ. Мектепке дейінгі мекемедегі мамандардың сапалы болуын ескерсек, бұл - ойланатын мәселе.

Елбасымыздың техникалық-кәсіптік білімге деген оң көзқарасы бізді жемісті жұмыс жасауға жігерлендіруде. Интерактивті әдістерді білім жүйесінде қала, облыс, республикалық деңгейде қолданысқа енгізу - бүгінгі күннің басты талабы.

Доктринада «Дінтану негіздері» жөнінде баса айтылған.  Білім саласындағы мемлекеттік стандартқа орай факультатив ретінде 40 сағат бөлдік. Жалпы патриоттық тәрбие де біздің оқу орнында күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі болып қала бермек», деді ғалым.

Соңғы жаңалықтар