Ел бірлігі доктринасын ардагерлер де, жастар да қолдайды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ел  бірлігі  доктринасын ардагерлер де, жастар да қолдайды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен жиында мәлім етілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек ардагерлерімен қатар жастар да қатысқан басқосуда Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев  ел  бірлігі  доктринасы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Көп жыл Орал педагогикалық институтында, кейін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұстаздық еткен ардагер Меруерт Жолдықайырованың айтуынша, қазақ халқы Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген ұлт өкілдерін паналатты. Мұны олардың өздері де мойындайды. Алдағы уақытта да осындай достық пен келісім, жақсылық пен мейірім салтанат құруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар