Ел бірлігі доктринасы - бірлікке, ынтымаққа бастайтын құжат

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ел бірлігі доктринасы - бірлікке, ынтымаққа бастайтын құжат. Бұл туралы «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Нұрахмет Мәсімов мәлім етті, 

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ассамблея мүшелерінің қай-қайсысы да қазақстандықпын, қазақтың бауырымын деп санайды. Қазақстан жері қандай байтақ болса, оның қонақжай халқының пейілі сондай кең. Қаншама жан сол пейілге бөленіп, шуағына жылынды және ол мейірімді әлі сезініп келеді.

«Елбасының "... Қазақстан этностарының мәдениетін әрі қарай өзара байытуға бағытталған мәдени-ағарту мекемелердің жұмысын жандандыру; Қазақстанның әрбір этносының мәдениетін, тарихи мұрасын, дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтауды қамтамасыз ету..."  туралы айтқандары жанға жағымды, көңілге қонымды. Алысқа бармай-ақ Батыс Қазақстан облысында да соның жарқын көрінісін көруге болады. Достық үйінде сан ұлт-ұлыстың өкілдері бас қосады, елімізде аталып өтілетін барлық мерекені бірге тойлаймыз. Облыста ұйғыр халқының саны онша көп болмаса да, өзгелерден еш кем қалып жатқан жоқпыз. Ұлттық асханамызда дастарқанымыз әр кез жаюлы. Қазақтың салт-дәстүрі бізге тіпті жақын. Өзге ұлт өкілдерімен де, яғни барша отандасымызбен сәлеміміз түзу. Лайым солай болғай», деді ол.

Соңғы жаңалықтар