Ел азаматтары пандемияда екпенің аса маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті ел азаматтары жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінетініне сенім білдірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді.

Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын» деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар