Ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 20 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар түрінде, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста – тұман.

Соңғы жаңалықтар