Ел аумағында таратылатын БАҚ мониторингін есептеу нормалары жетілдірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 5 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 263 бұйрығы қабылданды және ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұйрық Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесінің нормаларын жетілдіру мақсатында әзірленді, атап айтқанда бұйрықпен мынадай түзетулер көзделген:

1) тәжірибеде тек жеті күнтізбелік күннің қорытындысы бойынша ғана емес, күн, ай, жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша да ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың бар болуына байланысты «Ақпараттық-талдамалық телебағдарлама» ұғымының анықтамасы «белгілі бір уақыт аралығында» сөздермен толықтырылады.

2) мониторинг объектісі нақтыланады, яғни теле -радиобағдарламаларда таратылатын музыкалық туындылар «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағында белгіленген заңнаманың талаптарын сақтау мәніне мониторингте ескерілмейді.

3) Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізуді есептеу әдістемесінің 35-тармағының редакциясы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес келтіріледі.

Өз кезегінде мемлекеттік тіркеу жүргізілгеннен кейін (күшіне енгеннен кейін) № 263-бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілетін болады.

Сондай-ақ, № 263-бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар