Ел аумағында орын алған дауыл салдарын жоюға 10 күн қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин еліміздің аумағында орын алған дауылға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана мен Алматы аумағында орын алған дауылға қатысты айтар болсам, біз Қазгидрометтен дауыл соғатындығы туралы ескерту алып, оны СМС және БАҚ құралдары арқылы тарату жолымен хабарлаймыз. Астанада орын алған дауыл салдарын жою жалғасып жатыр. Мұнан бөлек, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында болған дауылдан кейінгі жұмыстар жүргізілуде. Өйткені, әр өңірде түрлі алаңдар, оның ішінде әкімшілік ғимарттар, әкімдік ғимараттар, мектеп бүлінді. Ғимараттардың шатырын қалпына келтіру жұмыстары меніңше, 10 күнге жалғасатын болады», - деді Юрий Ильин.

Естеріңізге сала кетсек, 22 мамырда Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды. Дауыл салдарынан қала аумағындағы қоршаулар қирады. Бірнеше ғимараттың қасбеті бүлініп, екі кран құлады. Ал, Петропавлда да дауылды жел құрылыс кранын құлатты. Павлодар облысындағы ауылды жерлерде қатты желдің салдарынан мектеп, жеке ЖШС, дүкен, электр желісі кәсіпорындарының шатырлары қирап, екі көлік зақымданды.

Соңғы жаңалықтар