Ел аумағында есірткі сатумен айналысқан 3 ұйымдасқан топтың мүшелері ұсталды
«Бірінші жартыжылдықта 1 300-ге жуық есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 800-ге жуық есірткі сату және 227 аса ірі көлемде есірткі сақтау фактілері бар. Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы аумағында каннабис тобына жататын есірткі затын жеткізумен және сатумен, сондай-ақ Павлодар облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді», - деді ол.
ҚР ІІМ өкілінің дерегінше, 3,3 тоннадан астам әртүрлі есірткі түрлері, оның ішінде 2 тоннаға жуық марихуана, 366 келі гашиш және 84 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.
Нұр-Сұлтан қаласында және Алматы, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Қарағанды облыстарында 21 есірткі зертханасы жойылды.
«Жыл басынан бері 1400 интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жіберілді. Интернет ресурс арқылы есірткі сату фактілері бойынша 103 қылмыстық іс тіркелді. Есірткі жарнамалау және насихаттау бойынша 57 қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деп атап өтті Бақытжан Әмірханов.