Ел аумағында аяз сақталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27-29 қаңтар арылығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өтіп бара жатқан антициклон жырасы Қазақстанның басым бөлігіне ықпалын жалғастырады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде 18-23 градус аяз сақталады, кей жерлерде -23 градус.

Республиканың батысында, сондай-ақ 28-29 қаңтарда оңтүстік, оңтүстік-шығыста оңтүстік циклонның өтуімен жауын-шашын, таулы аумақтарда қар және жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі», - делінген синоптиктер мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар