Ел аумағынан автомобильмен бензин әкетуге салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобильмен әкетуге салынған 6 айлық тыйым тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

«Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 8,3 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді. Бұл көрсеткіш жоспардан асып тұр. Яғни, 102 пайызға тең. Атап айтсақ, атвобензин 4 пайызға артық. Дизель отыны осы жылғы жоспардың 98 пайызына тең. Ішкі нарықты дизель отынымен тұрақты қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру немесе қысқарту мәселесі қазір пысықталуда. Бұған қоса бензинді, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан автомобильмен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салуды көздейтін бұйрықты тағы жарты жылға созу мәселесі пысықталуда», - деді министр.

Сондай-ақ, ол газ экспортының төмендеуіне себеп болған жайттарға тоқталды.

«Екі басты себеп бар. Ол – ішкі қажеттіліктердің өсуі және ірі жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан өндірілген тауарлық газ көлемінің азаюы», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар