«EL ARNA» жылдың үздік телесериалын марапаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның тұңғыш киноарнасы «EL ARNA» «Ең үздік телесериал» жүлдесінің жеңімпазын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«EL ARNA биыл бірінші рет «Хабар» агентігі түсірген сериалдар арасында «Ең үздік телесериал» жүлдесін жариялады. 2018 жылы агенттік 10 телехикая түсірді, соның арасындағы ең үздігін таңдап алдық. Нәтижесінде, «Қарлығаш ұя салғанда» телехикаясы үздік атанды», - деді Арман Балтабайұлы Қазмедиа орталығында «Хабар» агенттігінің жаңа маусымының ашылуында.

Мүсіншені жобаның авторы, әрі продюсері Гүлнұр Мамасарипова және басты кейіпкерді сомдаған Кәмшат Жолдыбаева алды.

«Бүгін бірінші рет жүлде алып тұрмын. Бұл - өте жақсы бастама. Себебі сериалды өмірге әкелу үшін тұтас шығармашылық топ жанын салып жұмыс істейді. Еңбегіміздің кішігірім болса да, аталып өткені мәртебе. «Қарлығаш ұя салғанда» неге көпшіліктің көңілінен шықты? Менің ойымша, мұнда сценарийді де тамаша жазуға болады, мықты режиссер мен операторды да алуға болады. Бірақ, жансыз актер алсаң, ештеңе шықпайды. Сериалдың құпиясы басты кейіпкерлердің жүрегінде деп ойлаймын. Сондықтан, «Тасқын» мен «Қарлығашқа» рахмет айтамын», - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Айта кетейік, «Хабар» телеарнасында «Қарлығаш ұя салғанда» телехикаясының екінші маусымы көрсетіліп жатыр.

Бүгін астанада аталмыш арнаның жаңа телемаусымы таныстырылды. Агенттік құрамында республикалық «Хабар» мен «Хабар 24», «Kazakh TV» және «EL ARNA» телеарналары бар.


Соңғы жаңалықтар