EL ARNA телеарнасына жаңа директор тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - EL ARNA телеарнасының директоры қызметіне Нұрбол Мейрханұлы Алманов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар» агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ол бұған дейін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қоғаммен байланыс және баспасөз қызметі бөлімінің бастығы болған.

Нұрбол Мейрханұлы 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясын - кинотанушы-редактор, 2015 жылы «Тұран» университетін заң, 2019 жылы Тараз мемлекеттік университетін журналистика мамандықтары бойынша бітірген. Ол отандық телеарналарда тілші, редактор, жауапты редактор қызметтерін атқарды.

«Қазақстан» РТРК-да қоғамдық-саяси бөлімі басшысының орынбасары, «Нұр Отан» ХДП медиа-орталығы басшысының орынбасары, басшысы, «ЭРА ТВ» 7 арна ЖШС бағдарламалар дирекциясының директоры, «Медиа Астана» продюсерлік орталығының бас продюсері, Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы болды.


Соңғы жаңалықтар