Ел алдындағы борышымызды өтедік - М.Мирманов, майдангер, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 29 желтоқсан күні Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов аудан орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұрат Мирманов, Мәжит Жаданов, Арыстанғали Қойысовтың үйлеріне барып, Елбасының құттықтау хаты мен жаңажылдық сыйлықтарын табыс етті.

Елдің бүгінгі жағдайын әңгімелеп, Елбасы атынан тарих табалдырығын енді аттағалы отырған Қой жылымен құттықтады. Әлі де ұзақ жыл ортамызда қасіретті жылдардың куәсі болып, аман отыруларына тілек білдірді.

Қазақстан Президентінің жаңа жыл қарсаңында өздерін арнайы құттықтағаны үшін ақсақалдар алғыс сезімдерін жеткізді. -Ел басына күн туғанда, Отанын қорғау - әр азаматтың қасиетті борышы. Біз де сол борышымызды өтедік деп есептеймін. Ажал сепкен от пен оқтың ортасында болсам, қан төксем, ол - елімді, ата-бабадан мирас болған жерімді, өз тегімді, отбасымды жаудан қорғағаным. Құс екеш құс та ұясын бұздырмау үшін отқа түспей ме? Оған ақы сұрауға, құрмет дәметуге тиісті емеспін. Ал, қалған аз майдангердің бірі деп арнайы құттықтауын жіберіп, елеген Елбасымызға ризамын. Ел аман, жұрт тыныш, мамыражай тіршілікті қамтамасыз етіп отырған Президентіміз аман болсын, - деді соғыс және еңбек ардагері М.Мирманов.

Соңғы жаңалықтар