ЕҚЫҰ саммитіне қатысушылардың Қазақстанның жетістіктері туралы мол мәлімет алуына жағдай жасау қажет - Қ. Саудабаев

None
None
ыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ саммитіне қатысушыларға жемісті жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, олардың Қазақстан туралы мол мәлімет алуына жағдай жасау қажет.

Бүгін, желтоқсанның 1-2-ісінде Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне дайындық жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай мәлім етті.

«Ағымдағы жылғы желтоқсанның 1-2-сі аралығында өтетін ЕҚЫҰ саммиті туралы хабар таратып, оның барысын көрсету үшін елімізге және елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1 мың 500-ге тарта БАҚ тілшілері келеді деп күтіліп отыр. Бұл кезеңде барлық әлемдік ақпарат құралдарының негізгі назары елордадағы алқалы жиынға ауатыны сөзсіз. Сондықтан да, біз саммит шеңберінде қонақтарға жемісті жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, олардың Қазақстан туралы және қазақстандықтардың өмірі туралы жақын танысып, өз елдеріне қайтқанда барынша мол мәлімет ала кетулеріне қажетті жағдай жасауға тиіспіз. Елімізге келген қонақтар Қазақстанның тәуелсіздіктен бергі жылдарында қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелердегі жетістіктерін нақты көре алуы керек», деді жиынды ашып сөз сөйлеген ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы шараға дайындық бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, дегенмен де пысықтай түсуі күтілетін шаралардың да баршылық екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар