ЕҚЫҰ саммитін өткізуге бірауыздан келісім беру, аталған ұйымға еліміздің табысты төрағалық етіп жатқанын көрсетеді ‑ Елбасы

None
None
А. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ саммитін өткізуге бірауыздан келісім беру, аталған ұйымға еліміздің табысты төрағалық етіп жатқанын көрсетеді. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференцияның бірінші күнінде сөз сөйлеген Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Сөз арасында Мемлекте Басшысы халықаралық қатынас мәселесінде Азиядағы өзара сенім іс‑шаралары жөніндегі кеңесін шақыру туралы қазақстандық бастаманың тиімді институтқа айналғанын атап өтті. Бұған Азия құрлығының жиырма екі мемлекеті қатысады. «Ағымдағы жылы ЕҚЫҰ‑ға төрағалық ете отырып, Қазақстан Еуразиялық қауіпсіздігінің континентальды платформасын ұсынды. Желтоқсанның бірі мен екісінде, Астанада ЕҚЫҰ басшыларының саммиті өтеді. Бұл айтулы шараны өткізу туралы бірауыздан шешім қабылдау, Қазақстанның ЕҚЫҰ‑дағы төрағалығының табысты өтіп жатқанын көрсетеді», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар